Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

«Nur Otan» партиясы пандемияның салдарымен күресуге көмектеседі: партия өкілі жұмысшылармен онлайн-кездесу өткізді

Үмікткер партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтты

«Nur Otan» партиясы пандемияның салдарымен күресуге көмектеседі: партия өкілі жұмысшылармен онлайн-кездесу өткізді

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Аманжол Жазықбаев «ТАТЭК» АҚ ұжымымен онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында кандидат партияның қол жеткізген жетістіктерімен бөлісіп, алдағы атқарылар жоспарлар жөнінде баяндады.

Партия өкілі 2020 жылдың қазақстандықтар үшін ауыр жыл болғанын, бірақ соған қарамастан «Nur Otan» халыққа көмектесіп, бұдан кейін де қолдауды күшейтетінін айтты.

«Коронавирус пандемиясы біздің өмірімізді, басымдықтарымызды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етіп, біздің мемлекетіміздің басты құндылығы – адамның өмірі мен денсаулығы екенін дәлелдеді. Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, облысымызды, қаламызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салуда. Біз бұған қалай қол жеткізуге болатынын нақты білеміз! Нақты істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен айшықты. Біз және партияластарымыз жарқын болашақтың негізін қалаймыз. «Nur Otan» партиясы алдағы уақытта да елдің жүйелі дамуына атсалыспақ», — деді А.Жазықбаев.

Еске салайық, елімізде Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы филиалының сайлау қорынан төленеді.