Срочная новость «Представился отцом акима Шымкента»: кто запугал футболистов «Ордабасы»?

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Nur Otan: Кентауда оңалту орталығы салынады

Үміткерлер халыққа партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып жүр

Nur Otan: Кентауда оңалту орталығы салынады

«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Қаблан Елеусізов, Роза Аяпбергенова, Ұлбала Мұсаханова, Артур Асаев ZOOM платформасы арқылы сайлаушылармен кездесті. Онлайн өткен басқосуда сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Аудандағы кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде азық-түлік, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету, денсаулығын сақтап, оның отбасының игілігі қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді», – деді Ұлбала Мұсаханова.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға, әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге, көпбалалы аналардың  қалаішілік автобустарда тегін жүруін қарастыруға, ауылдық округтердегі елді мекендерге қатынайтын, жолаушылар таситын автобустарды жаңарту мәселесін шешуге ықпал етеді.

«Халықтың әлеуметтік жағдайын арттырамыз» деген үміткер Роза Аяпбергенова қала мен қалаға қарасты ауылдарда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға баса көңіл бөлінетіндігін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Кентау қаласында 200 орынды ересек мүгедектерге арналған оңалту орталығын салуға, мүгедек адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге ықпал етеді.  Нәтижесінде ерекше қажеттілікті қажет ететін адамдарға кедергісіз қолжетімділікті құру мақсатында барлық әлеуметтік және инфрақұрылым нысандарын бейімдеуге қол жеткіземіз», – деді ол.

Үміткер Қабылан елеусізов кәсіп бастаушы жастар мен кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдайларды атап өтсе, Артур Асаев бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілетіндігін айтып өтті.

 «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттаған үміткерлер, тұрғындардың сұрақтарына жаап беріп, ұсыныстарын жазып алды.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Кентау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.