Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется
Похожие темы

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

«Nur Otan»: Кентауда аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделеді

Партиялықтар тұрғындың әлеуметтік жағдайын жақсартуға уәде берді

«Nur Otan»: Кентауда аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделеді

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Талғат Балабиев, Сағынбек Асылбеков, Қаблан Елеусізов, Мейрамбек Күнпейсов, Ғалымжан Оңдасынов, Қанат Бекметов ZOOM платформасы арқылы Жүйнек ауылының тұрғындарымен кездесті. Онлайн өткен кездесуде сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясы елді мекенішілік және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуді шешетін болады. Біздің міндет – 2025 жылға қарай аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу», – деді Қаблан Елеусізов.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы жалпы 96,6 шақырымдық аудандық және қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге, Жібек жолы ауылдық округінде «Батыс Қытай – Батыс Европа» халықаралық көлік жолы арқылы Сауран ауылына кіретін жолға автожол көпірін салуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы аудандық маңызы бар және қалаішілік жолдар 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетіп, оларды күтіп ұстау жолға қойылады.

Мұнан соң үміткерлер Жүйнек ауылына барып, канбассинг, іс–шарасы мен «Есіктен есікке» акциясына қатысты. Әрбір үйді аралап, насихат жұмыстарын жүргізді.

Жүйнек ауылының тұрғыны Хабибулла Мұстапаевтың шаңырағында болып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, тұрғындардың өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады», – деді Мейрамбек Күнпейсов.

Адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату, ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту жұмыстарына ықпал етеді.

Білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 12 нысанды күрделі жөндеуден өткізуге, 15 мектепке дейінгі жеке балабақша ашуға, білім саласы бойынша ауылдық жерлерде халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салуға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал етеді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Кентау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.