Срочная новость Изъятые банком Аблязова земли вернули кордайцам

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Nur Otan партиясы Ақсу аудандық филиалының сайлауалды штабы ашылды

Ауданда үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті

Nur Otan партиясы Ақсу аудандық филиалының сайлауалды штабы ашылды

Алматы облысы Ақсу аудандық партия филиалының сайлауалды штабының ашылуына байланысты 11 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық филиалының ғимаратында жиын өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы тізімімен Облыстық және аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидаттар, партияның сенім білдірген адамдары, штаб мүшелері, «Jas Otan» жастар қанаты өкілдері, сондай-ақ республикалық, облыстық телеарналар және БАҚ өкілдері қатынасты.

Ақсу аудандық штабының ашылуын аудандық партия филиалының сайлауалды штабының жетекшісі Күлайхан Дәулетбекова ашып, жүргізіп, құтттықтау сөз сөйледі. Келесі кезекте «Ақсу ауданының Құрметті азаматы», «ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі», «Даңқ» орденінің және «Шапағат», «Алтын дәрігер» медальнің иегері, ардагер-дәрігер партия ардагері,  Жұмагелдин Ашімғали Құсайынұлы мен «Nur Otan» партиясы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат, І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің директоры Ахмолдаев Данияр Тұрғанбекұлына сөз беріліп, К.Даулетбекова аудандық партия филиалының сайлауалды штабының жетекшісі ретінде штаб жұмысын бастауға толық дайын екендігін, сөйлеушілердің ұсыныс - тілектерін ескере келе маңызды науқанды ойдағыдай атқарамыз деп, аудандық сайлауалды штабының құрамымен таныстырды.

Штаб мүшелерінің қатысуларымен аудандық партия филиалының сайлауалды штабының және оның қоғамдық қабылдау бөлмесінің дайындығын көріп шықты.

Соңында аудандық партия филиалының сайлауалды штабының жұмысы жемісті болсын деген оймен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, партия ардагері, Жұмагелдин Ашімғали Құсайынұлы бата берді.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Ақсу аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді