Срочная новость Изъятые банком Аблязова земли вернули кордайцам

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Ақсу ауданында нұротандықтар қандастармен кездесті

Партия өкілдері сайлауалды бағдарлама туралы айтты

Ақсу ауданында нұротандықтар қандастармен кездесті

Алматы облысы Ақсу аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша «Б.Сырттанов» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Берік Тынышбаев, аудандық мәслихат депуттатығына үміткерлер К.Даулетбекова, С.Ермұханбетова, А.Каймұханов қандастармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында үміткерлер партияның жетістіктерімен, қоғамдық қызметтерімен және сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, үгіт-насихат материалдарын таратты. Партиялық бағдарламада халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізіп, осы бағыттар бойынша көптеген жобалар жасалып, жүзеге асуына «Nur Otan» партиясы барынша ықпал ететінін жеткізді. Білім беру мен медицина саласында атқарылатын басты жұмыстар атап көрсетілді.

Кездесуге қатысушылар кандидаттарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Жалпы көптеген мәселелердің шешу амалдары Ақсу аудандық «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылғанын айтып өтті. Жиын соңында қатысушыларды 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Ақсу аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді