Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
Жуалыда нұротандықтар ардагерлермен кездесті
Олар партияның сайлауалды бағдарламасын талқылады
Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Айбек Елекбаев, Ерғали Тілеубеков, Қалдыбай Байрамов және Мейіржан Телеушов партия ардагерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуде ауданның сәтті дамуына бағытталған сайлауалды бағдарлама талқыланып, кандидаттар 2025 жылға дейінгі халықтың әл-ауқатын көтеру жолындағы жоспарлы жұмыстармен ой бөлісті.
«Халықтың сапалы өмір сүруін айқындайтын және әр азаматтың өзіне лайықты өмірді қалыптастыруына бағытталған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бүгінде игі істердің бастамасы іспеттес. Нұрлы болашаққа қадам басқан партияның басты мақсаты – еліміздің дамуы жолында еселі еңбектер атқарып, халқымыздың бай бақуатты қоғамда өмір сүруіне жағдай жасау», - деді кандидаттар.
Үміткерлер «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмірді қалыптастыру» – жарқын болашақ пен толағай табыстарға жетуде халық пен биліктің атқаратын рөлі үлкен екенін ескеріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауда еліміздің болашағы мен зайырлы қоғамда өмір сүру үшін «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы Жуалы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.