Срочная новость Изъятые банком Аблязова земли вернули кордайцам

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Жуалы ауданында нұротандық кандидаттар үй-үйді аралап, сайлауалды бағдарламаны түсіндіруде

Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы 10 қаңтарда өтеді

Жуалы ауданында нұротандық кандидаттар үй-үйді аралап, сайлауалды бағдарламаны түсіндіруде

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі бағытталған сайлауалды бағдарламасын Жуалы ауданы тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында «Есіктен-есікке», «Кандидат қонақта» және экспромт-кездесу секілді үгіт-насихат жұмыстары  жүзеге асырылуда.

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарлама аса ауқымды әрі нақты мақсаттарға бағытталғандықтан, халықтың оң көзқарасын қалыптастырып, жүйелі жұмыстарға негіз болып отыр. Осы негізде үміткерлер 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Жуалы ауданы және оған қарасты елдімекендердің тұрғындарын сайлауалды бағдарламадағы халықтың сапалы өмір сүруіне бағытталған 7 басым бағытымен таныстырып, тұрғындар тарапынан ұсыным тілектерді тыңдауда.

Үгіт-насихат шаралары ауданға қарасты елді мекендерді толық қамтумен қатар түсіндірме парақтары таратылып, 8 қаңтарға дейін үгіт жұмыстары жалғасын табатыны жоспарланған.

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы Жуалы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.