Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется
Похожие темы

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығаяды

Кентауда нұротандықтар үгіт жұмыстарын жүргізіп жатыр

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығаяды

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Талғат Садуов, Қаблан Елеусізов, Талғат Балабиев, Үсенбек Рахмет, Ерлан Арынов, Мақпал Әбішова Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті. 

Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткен жиында үміткерлер сайлауалды бағдарламаның насихаттады.

«Nur Otan» партиясының бағыты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады» - деген Талғат Балабиев алдағы уақытта лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындары құрылатындығын жеткізді.

- Біз халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарын дамыта отырып, Кентау қаласының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын боламыз – деді Талғат Рахымұлы. 

2025 жылға Кентау қаласының өңдеу өнеркәсібінің өсімін 5,5%-ға арттырамыз. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауылшаруашылық, шағын және орта бизнес салаларында барлығы 3,6 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жоспарын қолға алады. 

Кездесуде үміткерлер сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Мұнан соң, үміткерлер экспромт кездесу аясында қалалық базарларда болып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 9 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы 160 азаматқа грант ұсынуға, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жыл сайын жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 210-ге жуық азаматтарға 160 стартап грант пен 50 жоба бойынша несие алуына жағдай жасауға ықпал етеді.

Сондай-ақ, «Оңтүстік» АИО ЖШС, «Ырыс» МҚҰ ЖШС, «АШҚҚҚ» АҚ-ның, Аграрлық несие корпорациясы мен шағын несие ұйымдары арқылы 190 жобаны несиелендіруге, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын 20 жаңа жобаны ұсынуға, ірі кәсіпорындардың сервистік қызметпен қамтитын шағын кәсіпкерлікті дамытуға жұмыс істейді. 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жаңа жобаларды несиелендіруге мүмкіндіктер қарастырылған. 

Ал, канвассинг іс-шарасы аясында қалалық Әжелер алқасының төрайымы Роза Жұмабаева мен Аналар кеңесінің төрайымы Маржан Кривенцованың үйінде болып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. 

«Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші» - деген Үсенбек Рахмет денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салатындығын айтып өтті.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы медициналық ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, тұрғындарды скринингтен уақтылы өткізуге, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, шалғай ауылдарда жедел жәрдем қызметін қолжетімді етуге ықпал етеді.