Срочная новость Строгий выговор объявлен акиму Уральска

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Nur Otan: Шу ауданында жұмыссыздар саны азаяды

Өңірде партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

Nur Otan: Шу ауданында жұмыссыздар саны азаяды

«Nur Otan» партиясы Шу аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, ондағы ең негізгі жеті басымдық – ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін арттыруға өз септігін тигізері сөзсіз. Айталық, «Экономикалық тұрақты аудан» деп аталатын алғашқы басымдық та халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталып отыр. Дәлірек айтар болсақ, коронавирус пандемиясы жұмыспен қамту саласындағы белсенділікті әлсіретіп, еңбек нарығына түзетулер енгізді. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асырудың нәтижесінде ауданда жыл сайын білікті жұмыс күшіне сұраныс артып келеді. Қазіргі таңда 51-ге жуық бос жұмыс орны бар болса, жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайызды құраған. Партия бағдарламасына сәйкес, өнеркәсіп саласын дамытуда отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім шығаратын жааңа өндірістер ашуға баса назар аударылатын болады. Сол арқылы жыл сайын 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, Шу аудандық мәслихат депутаттығына үміткер А.Диханбаев, М.Мажидов, Т.Кокпанбаев, К.Сазаев және Ш.Арысбаева аудан орталығының іргесіндегі Абай ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Тұрғындардың үйін жеке-жеке аралаған үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Сондай-ақ, үміткер азаматтар сайлауалды бағдарламадағы негізгі мақсат-міндеттерді де тілге тиек етіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сайлауалды бағдарламадағы жоспарға орай, Тасөткел ауылдық округінде орналасқан «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының инженерлік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен аяқтап, 9 өндірісті іске асыру көзделген. Нақтырақ айтқанда, 2021 жылы «Натрий метабисульфитін өндіру» зауытының құрылысын жүргізіп, 24 жұмыс орнын ашуға, 2022 жылы «Глифосат (гербицит)»  және «үштекті фосфор  хлоры өндірісі» біріктірілген химиялық кешенін аяқтап, 409 жұмыс орнын ашуға, 2022 жылы жылына 70 мың тонна жасалатын фри-картобы зауытын іске қосып,  240 жұмыс орнын ашуға, 2022 жылы «Бояу-лак өнімдерін өндіру» зауытын ашып, 10 жұмыс орнын ашуға, 2023 жылы «Өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарының өндірістік кешені» құрылысын жүргізіп, 50 жұмыс орнын ашуға, 2025 жылы азот-фосфат зауытың құрылысын жүргізіп, 300 жұмыс орнын ашуға, 2025 жылы күніне 8 мың тонна қант қызылшасын қабылдап, жылына 115 мың тонна қант өнімін шығару, 63 жұмыс орнын ашуға, 2025 жылы «Шина және резина» өндірісінің құрылысын жүргізіп, 484 жұмыс орнын ашуға, 2025 жылы «Каустикалық сода және хлор өндірісі», 310 жұмыс орнын ашуға, 3 инвестициялық жобаны одан әрі іске асыру арқылы 664 жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

Сонымен бірге, 2020 жылы Шу қаласынан ұн тарту өнімдерін шығару өндірісінің құрылысын аяқтап, 64 жұмыс орнын ашуға, 2025 жылы жылына 600 мың тонна катодтық мыс өндіретін зауытының құрылысын жүргізіп, 300 жұмыс орнын ашуға, 2025 жылы Тасөткел ауылынан азот-фосфат тыңайтқыштарын шығаратын жаңа зауыт құрылысын жүргізіп, 300 жұмыс орнын ашуға да септігін тигізбек. Бұдан бөлек, жыл сайын 1110 тұрақты жұмыс орындарын құруға, 2247 бос тұрған жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына 82 адамнан кем емес, жастар тәжірибесіне 403 адамнан кем емес жастарды тартуға, 135 кредиттен кем емес шағын несие беруге, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруға қол жеткізуге, мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау шараларының жобаларын іске асыруға ықпал етпек. Қабылданған кешенді жоспардың нәтижесінде Шу ауданында 5 жылдың ішінде шамамен 2500 жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Партияның дәл осы бағыттағы жұмыстарын кеңінен түсіндірген үміткерлер ауыл тұрғындарын саяси науқанда белсенді болып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Өз кезегінде ауылдықтар да партияның атқарып жатқан жұмыстарына өз ризашылықтарын білдіріп, партияның алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы Шу ауданының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді