Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
Nur Otan: Басты мақсатымыз – әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін жақсарту
Партиялықтар өңірлерде үгіт-насихат жұмыстарын күшейтті
Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихат депутаттығына Nur Otan партиясынан үміткерлер Бейбіт Сүлейменов, Элдар Самбетов, Балташ Кулчанов, Марат Естібаев партияның сайлауалды бағдарламасын халыққа кеңінен насихаттау үшін Матай ауылдық округіндегі «СКД7» мекемесінде Депо ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жиналғандарға партияның сайлауалды бағдарламасы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, үнпарақтар тараттылды. Мекеме қызметкерлері де өз көкейінде жүрген мәселелерді ортаға салып, талап-тілектерін жеткізді. Кандидаттар болса жұмысшылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Партиялық бағдарламада халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізіп, осы бағыттар бойынша көптеген жұмыс істеліп, жаңа жобалардың жүзеге асуына «Nur Otan» партиясы барынша ықпал ететінін жеткізді. Білім беру мен медицина саласында атқарылатын басты жұмыстар атап көрсетілді.
Алдағы уақытта басқа да сайлауалды үгіт-насихат жиындары жоспарға сай өткізілетін болады. Депутаттыққа үміткерлер бұған дейін көптеген ұйым мен шаруа қожалықтарының ұжымдарымен жолығып, халық көп шоғырланған орындарда кездесулер өткізді.
«Басты мақсатымыз – әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін жақсарту. Сондықтан әрбір қазақстандықты алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз. Өйткені біздің болашағымыз – біздің дауысымызға байланысты», - дейді нұротандық кандидаттар.
«Nur Otan» партиясының Алматы облысы Ақсу ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.