Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Теміржолшылар «Nur Otan» партиясын қолдайды

Партиялықтар өңірлерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр

Теміржолшылар «Nur Otan» партиясын қолдайды

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Серік Каликов темір жол саласының қызметкерлерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Айта кету керек, аудан тұрғындарының басым бөлігінің табыс көзі дәл осы темір жол саласымен тікелей байланысты.

Шудағы мыңдаған тұрғын темір жол бойында еңбек етіп, ұзақ жылдар бойы осы саладан зейнетке шығуда. Сондықтан, мұндағы еңбеккерлердің де көкейіндегі мәселелерге құлақ түрген абзал. Осыны ескерген С.Каликов жұмысшылардың сауалдарына жауап беріп, «Nur Otan» партиясы Шу аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасындағы мақсат-міндеттерді түсіндірді.

Кездесу барысында тұрғындардың қауіпсіздігі мәселесі де сөз болды. Өз кезегінде үміткер аудан тұрғындары өздерін әрқашанда қауіпсіз сезінуі тиіс екенін айтты. Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламадағы жеті басымдықтың соңғы бағыты да осы салаға арналып отыр. Мәселен, аталған бағдарламада қылмысқа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі артып, қылмыс деңгейін қысқартуға бағытталған іс-шараларды күшейту есебінен төмендемек. Ол үшін «Nur Otan» партиясы аудан орталығы мен Д.Қонаев ауылына және Шу қаласына кемінде 10 бейнебақылау камераларын орнатуға ықпал етпек. Бұдан бөлек, көшені жарықтандыру мен жол жөндеу жұмыстары да кезең-кезеңімен шешімін табады.

Кездесу соңында теміржолшылар «Nur Otan» партиясының бағыты айқын партия екенін тілге тиек етіп, дауысты дәл осы партияға беретіндерін жеткізді. Сонымен бірге, өзге де еңбеккерлерді «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақыратындықтарын айтты.

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы Шу ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.