Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется
Похожие темы

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

«AMANAT» 500-ге жуық жас маманға тұрғын үй сатып алуға жәрдем бермек

Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалында жастармен кездесуде айтылды

«AMANAT» 500-ге жуық жас маманға тұрғын үй сатып алуға жәрдем бермек

Шарада «АMANAT» партиясынан депутаттыққа үміткер Нұрбек Әбдібеков жастарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ол бағдарламада жастарға мол мүмкіндік сыйлайтын жобалар бар екенін атап өтті.

«Облыста 2023 жылдан бастап, Қостанай облысының жастар саясатын дамытудың стратегиясы жүзеге асады. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы жеңілдетілген несие беру арқылы «Жас шаңырақ» бағдарламасын жүзеге асырмақ.  «Жасыл Ел» еңбек жасақтары жыл сайын жұмыспен қамтылатын болады», – деді Нұрбек Әбдібеков өз сөзінде.

Жас мамандарға «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде тұрғын үй сатып алуға 700-дей бюджеттік несие беріледі. Жалпы, Қостанай облысында 25 мыңға жуық жас бар. Олардың арасында жұмыссыз жастардың саны 2 мыңнан астам адамды құрайды. Бағдарламада көрсетілген жобалар жастар жұмыссыздығын 3% - дан аспайтын деңгейде сақтауға, 1,2 мыңға жуық жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Серік Манасбаев «Жастар Рухы» жастар қанатының ықпал етуімен Қостанай облысында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. 

«Жастар Рухы» қазақ тілін үйренуге ынтасы бар барлық азаматтар қатыса алатын «Сөйле» атты тілдесу үйірмесін жүзеге асыруда. Бұдан бөлек, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулитын «Қайсар» атты жаңа әскери-патриоттық жоба іске қосылды. Аталмыш жоба арқылы ел қорғайтын, елімізге қызмет ететін ержүрек азаматтарды тәрбиелеуге басымдық берілуде», – деді С. Манасбаев.

Кезедесу соңында үміткер жастарды алдағы сайлауға белсене қатысуға және «АMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.

Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді