Срочная новость «Представился отцом акима Шымкента»: кто запугал футболистов «Ордабасы»?
Похожие темы

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Тұрғындардың ұсыныс-тілегі тыңдалды

«AMANAT» партиясының түрлі бағдарламаларын іске асыру шеңберінде айтарлықтай жұмыстар атқарылды

Тұрғындардың ұсыныс-тілегі тыңдалды

«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов Меркі ауданындағы Жаңақорған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Қостоған ауылдық мәдениет үйінде жұртшылықтың басын қосқан жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Әбутәліп Мүтәлі, облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Гүлжан Тілеубердиева мен аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат Ринат Жантаев қатысып, сайлаушыларды саяси науқанға белсене атсалысуға шақырды. Ең алғашқы сөз тізгінін алған Дауыл Ынтықбайұлы партиялықтардың қашанда халық мүддесі үшін қызмет ететінін баса айтты.

- «AMANAT» партиясының түрлі бағдарламаларын іске асыру шеңберінде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. 33 елді мекенді ауыз сумен жабдықтау жүргізілсе, оның аясында 69,3 мың адам сапалы тіршілік нәріне қол жеткізді. Сондай-ақ өңірде газдандыру-ауылды жандандыру жұмыстары да кезең-кезеңімен жүйелі іске асырылуда.

Жамбыл облысы аграрлық секторды дамытудың зор әлеуеті бар ауыл шаруашылығы аймағы болып табылады. Облыс халқының 56,8 пайызы ауылдық жерлерді мекен етсе, халықтың 55,7 пайызы аграрлық секторларда еңбек етеді. Болашақта біз 950-ден астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 150 миллард теңгені құрайтын 18 инвестициялық жобаны іске асыруға жәрдемдесеміз.

Келешекте суармалы жерлердің көлемі 179,2 мың гектарға дейін ұлғайтылатын болады. Ал бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға бөлінетін қаржы 1,5 есеге арта түспек. Сонымен қатар, жоғары сапалы тұқым сатып алу 1,2 және минералды тыңайтқыштар сатып алуды субсидиялау 1,4 есе артады.

Партия ауыл тұрғындарына пилоттық жоба шеңберінде шағын несие алуға көмектесумен қатара ауыл тұрғындарын ауыл шаруашылығы кооперативтік кәсіпкерлігіне тартуға атсалысады, - деді Дауыл Ынтықбайұлы.

Бұдан кейін, сөз алған Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Әбутәліп Мүтәліұлы партияның сайлауалды бағдарламасында жігерлі жастарды қолдау мақсатында кешенді шаралар нақты қолға алынғанына тоқталды. Ал Гүлжан Ержанқызы мен Ринат Құдайбергенұлы депутат болған жағдайда жерлестерінің мұң-мұқтажын билікке жеткізу жолында барын салатындықтарын жеткізді.

Кездесу соңында қостағандық тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Ауыл тұрғыны Мұрат Рыспаев пен Қайнаркүл Тәттіқұлова өзекті мәселелердің тиегін ағытты. Олардың сөзінше, бұл елді мекендегі балабақша жаңадан салынғанымен, тым тар. Оның үстіне, мұнда бүлдіршіндерге арналған ойын алаңдары мен спорт алаңшалары жоқ. Ал ауыл ішіндегі электр бағаналары ның тозығы жеткен. Бұдан бөлек, сапалы медициналық қызметтердің қолжетімсіздігі қарапайым халықтың бас ауруына айналған. Осылайша, проблемаларды жіпке тізген тұрғындар партиялықтардан көмек сұрады. Өз кезегінде облыстық сайлауалды штабының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов барлық ұсыныс-тілектер ескеріліп, оны шешу жолында «AMANAT» партиясы нақты қадамдарға баратынын нақты айтты.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді