Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
«AMANAT» партиясының депутаттыққа кандидаттары Қостанай облысының еңбек ұжымымен кездесті
Кандидаттар Аманқарағайда орман және аңшылық шаруашылықтарының қызметкерлерімен кездесті
Кездесуде түрлі сала қызметкерлері кандидаттарға өзекті түйткілдер мен ұсыныстарын жеткізді. Олар жалақыны көтеру, жас мамандар тарту және ауылдық инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін көтерді.
Кандидаттар Аманқарағайда орман және аңшылық шаруашылықтарының қызметкерлерімен кездесті. Былтырғы өрттен кейін орман алқабы белсенді түрде қалпына келтірілуде, бірақ әлі де жұмысшылар жеткіліксіз.
Орманшылардың айтуынша, бос жұмыс орындары болғанымен, ешкімнің келгісі келмейді. Себебі, жалақы аз, ешқандай жағдай жасалмаған деуге болады, жас мамандарды қызықтыратын ештеңе жоқ.
Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Екатерина Смышляева «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында осы мәселелерге көп көңіл бөлінгенін атап өтті.
«Әдетте мұғалімдер мен дәрігерлердің ғана жалақысы өседі. Орман шаруашылығы қызметкерлері ешқашан мұндай басымдыққа ие болған емес. Бірақ біз бағдарламаға орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын өсіру мәселесін арнайы белгіледік. Мен қазірдің өзінде өзгерістер бар екенін білемін, сіздерге қосымша ақы бөлінетін болады. Біз жалақы жүйесінің Үкімет Қаулысы деңгейінде өзгергенін алаймыз. Екінші қынжылтатын жайт – облыста мамандар даярлау үрдісі тоқтады. Мемлекеттік тапсырыс өте аз – 3-5 грант қана бөлінеді, бұл жеткіліксіз. Келесі оқу жылының басынан бастап, құзіретті орындармен қосымша гранттар бөлу мәселесі туралы келіссек дейміз», – деді кандидиат Е.Смышляева.
Жұмысшылар ауылдық жерлерде қосымша ақы төлеуге қатысты тағы бір маңызды мәселені айтты. Олардың айтуынша, қызметкерлердің бір бөлігі – есепші, тракторшылар, техникалық персоналдар үстеме ақы алмайды.
«Біз бұл мәселені бірнеше рет көтерген болатынбыз. Бірақ күні кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Орман шаруашылығы персоналының төменгі санаты бойынша мәселені пысықтап жатқанын білдім», – деп жауап берді Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ерлан Нысанбаев.
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімін ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді