Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется
Похожие темы

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

«Ауыл аманаты» жобасының мақсаты ауыл халқының табысын арттыру

Ауыл шаруашылығы жерлерін әділ әрі ашық бөлуді және пайдалануды іске асыру үшін біз ғарыштық мониторингті дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырамыз

«Ауыл аманаты» жобасының мақсаты ауыл халқының табысын арттыру

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ақжарма ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде сөз алған облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Аида Әбибуллаева бағдарламаның ауылды түлетуге қатысты басымдықтарын айтып өтті.

«AMANAT» ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты. Үкіметтің 2027 жылға дейін ауылға қатысты 100-ден астам инвестициялық жобаны іске асыруын қадағалап, елді мекендер инфрақұрылымын жаңғыртуға қаражат қарастыруға күш саламыз»,- деді Аида Абибуллаева.

Сондай-ақ, партия «Жер аманаты» жобасын сәтті жүзеге асырып келеді. Былтыр 5 млн. гектардан астам пайдаланылмаған жер қайтарылды және бұл жұмыс одан әрі жалғасады.

«Ауыл шаруашылығы жерлерін әділ әрі ашық бөлуді және пайдалануды іске асыру үшін біз ғарыштық мониторингті дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырамыз, электронды жер кадастрына ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеміз»,-деді облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Нұрболат Ибраев.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы шет аймақтарда тұратын ауылдардың мәселелерін шешуге күш салады. Әр ауылда, тіпті шалғай жатқан және жету қиын ауылдарда да интернет болуы керек.

Кездесу соңында, үміткерлер түгел ауыл түлесін десеңіздер, 19 наурызда «AMANAT»-қа дауыс беріңіздер деді.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді