Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
«Nur Otan»: Шалғай ауылдарда жедел-жәрдем қызметіне қолжетімділік артады
Партиялықтар Кентауда үгіт-насихат жұмыстарын жүргіхіп жатыр
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Роза Аяпбергенова, Мақсұт Гайруллаев, Қайрат Зайнишев, Қанат Бекметов, Ирода Мухамеджанова Шаға ауылының тұрғындарымен кездесті.
ZOOM платформасы арқылы онлайн өткен кездесуде көпшілікті сайлауға белсенділікпен қатысуға шақырып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
«Nur Otan» партиясы өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады. Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді» - деді үміткер Роза Мұратқызы.
Газдандыру жобасы бойынша Кентау қаласында ауқымды жұмыстар жүзеге асып жатыр. Хантағы және Үшқайық ауылдарында құрылыс жұмыстары аяқталған. 2025 жылға дейін Хантағы, Үшқайық, Қарнақ, Байылдыр, Жүйнек, Шаға, Оранғай, Қарашық, Ибата, Ойық, Шоқтас елді мекендері табиғи газбен қамтылады.
«Бұл үшін «Nur Otan» партиясы жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан қорытынды алуға, құрылыс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға дейін газбен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесі 65,9%-ға, ал қала бойынша 100,0%-ға жетеді» - деді Мақсұт Гайруллаев.
«Nur Otan» партиясы медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдайды. Қалада адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату, ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту, сондай-ақ 0-1 сатыдағы қатерлі ісіктерді уақтылы анықтау жұмыстарына ықпал етеді.
«Nur Otan» партиясы медициналық ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, тұрғындарды скринингтен уақтылы өткізуге, шалғай ауылдарда жедел жәрдем қызметін қолжетімді етуге жұмыс істейді», – деді Қайрат Зайнишев.
«Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – қала мен қалаға қарасты елді мекендерді дамуының маңызды шарты болып табылады» - деген Ирода Мұхамеджанова білім саласы бойынша артқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталды.
«Қалада үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылады» - деді ол.
Жиынды қорытындылаған Қанат Бекметов бағдарламадағы жастарға арналған басымдықтарды түсіндірді.
«Nur Otan» партиясы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 50 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін жағдай жасайды, қаладағы шаруа қожалықтары және ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы тіркеудегі жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдеседі, «Жас кәсіпкер» жастар бизнес бастамаларының бағдарламаларын іске асыруға және жыл сайын кемінде 10 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуына жәрдемдеседі» - деді ол.
Мұнан соң кандидаттар канвассинг іс-шарасы аясында Шаға ауылындағы әрбір үйді аралап, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Сондай-ақ, сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Кентау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.