Срочная новость «Представился отцом акима Шымкента»: кто запугал футболистов «Ордабасы»?

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Nur Otan: Бизнеске тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз

Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидат М.Балпан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Nur Otan: Бизнеске тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз

Ол «Кристалл» сауда үйінің иесі Виталий Александрович Пасынковпен кездесті. Дүкен иелерімен және келушілерімен кездесуде өңірді дамыту, өзекті мәселелерді шешу жоспарлары туралы айтып берді. Сонымен қатар, қатысушыларды "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Кездесу барысында қатысушыларға "Nur Otan" сайлауалды бағдарламасын таратып, жарқайыңдықтарды 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауға қатысып, белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

15 желтоқсанда облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мұрат Сағатұлы және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Қ Әлжанов "Nur Otan" аудандық филиалының тұғырнамасында бизнес өкілдерімен кездесті.

Ауданда шағын және орта бизнес ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Біздің мақсатымыз кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болады.

Ауданда кәсіпкерлік секторы белсенді дамуда. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15% - ға, шағын және орта бизнестің облыстың жалпы өңірлік өніміне үлесі 6% - дан 10% - ға өсті.

Кәсіпкерлерді одан әрі қолдау және қазақстандық қамту үлесін арттыру мақсатында "Nur Otan" партиясы:

  • кредит беру тетіктерін жыл сайын пайдалану;
  • «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде;
  • жыл сайын 30 мемлекеттік грант бөлу және «Еңбек» бағдарламасы бойынша;
  • 2025 жылға дейін «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты аясында мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту, өз ісін ашу және кеңейту бойынша 20 жобаны іске асыру жоспарлануда;
  • «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 100 адам;
  • «қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша жыл сайын кемінде 2 кәсіпкерлерге жеңілдікті кредиттер беру;

Бұл шаралар 2025 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 1,5 мың бірлікке дейін (01.01.2020 ж. - 1199 бірлік), ШОБ – та жұмыс істейтіндердің санын – 4,5 мың адамға дейін (2019 ж. - 3,6 мың адам); өнім шығаруды – 20 млрд. теңгеге дейін (2019 ж. - 15,7 млрд. теңге) ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында үміткерлер бизнес өкілдеріне 2021 жылдың 10 қаңтарында "Нұр Отан"партиясына дауыс беруге шақырды.

15 желтоқсанда облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мұрат Сағатұлы және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Қ. Әлжанов "Nur Otan" аудандық филиалының тұғырнамасында Жарқайың ауданының көпбалалы аналарымен кездесті.

Ауданда 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар 132 көп балалы отбасы бар. 2019 жылы "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан 11 көпбалалы отбасы, биыл 3 көпбалалы отбасы пәтер алды.

Ағымдағы жылы 18 көпбалалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушылар болды.

"Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында өз ісін ашу үшін көп балалы ана – "Алтын алқа" алқасының иегері Жанна Жаңабекқызына 200 АЕК көлемінде өтеусіз грант берілді.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Жарқайың ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.