Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Татулық пен бірлік, тыныштық пен тұрақтылық – басты байлық

Нұротандықтар Талдықорғанда үгіт-насихат жұмысын жүргізді

Татулық пен бірлік, тыныштық пен тұрақтылық – басты байлық

Халық бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. «Nur Otan» партиясы қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. Талдықорғанда 70-тен астам ұлт өкілдері тұрады, 26 облыстық этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға айтарлықтай үлес қосуда.

ҚР Мәжілісі Парламенті депутаттығына кандидат Айгүл Сайфоллақызы мен Дамир Дигай, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлнар Тойлыбаева, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Руслан Валишанов «Достық үйі» қызметкерлерімен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған уақыттан бері ел бірлігін нығайтуға қызмет етіп келеді. Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім - бұл бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Қазақстан халқының дәстүрлері сақталып, этносаралық келісім мен татулықтың нығая түсуіне аталмыш мекеме ұдайы үздіксіз қызмет етіп келеді», - деп мекеме қызметкерлерін алдағы саяси науқанда белсенді болуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.