Срочная новость Строгий выговор объявлен акиму Уральска

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Ақсу ауданында нұротандық үміткерлер ардагерлермен жүздесті

Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ақсу ауданында нұротандық үміткерлер ардагерлермен жүздесті

Nur Otan партиясының Алматы облысы Ақсу аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық «Қобызшы Молықбай Байсақұлы» атындағы мәдениет үйінде І.Жансүгіров ауылдық округінің аға буын өкілдері ардагерлермен кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қайрат Абдрахманов, Ләззат Қасымбекова қатысты.

Кездесу барысында үміткерлер партияның жетістіктерімен, қоғамдық қызметтерімен және сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, үгіт-насихат материалдарын таратты. Партиялық бағдарламада халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізіп, осы бағыттар бойынша көптеген жобалар жасалып, жүзеге асуына «Nur Otan» партиясы барынша ықпал ететінін жеткізді. Білім беру мен медицина саласында атқарылатын басты жұмыстар атап көрсетілді.

Кездесуге қатысушылар кандидаттарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Жиында Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбаев Аманкелді ақсақал сөз алып, алдағы додада сәттілік тілеп, жылы лебізін жеткізді.  Жалпы, көптеген мәселенің шешу амалдары Ақсу аудандық «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылғанын айтып өтті. Жиын соңында қатысушыларды 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Ақсу аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді