Срочная новость Строгий выговор объявлен акиму Уральска

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Nur Otan: Кентауда жаңа жұмыс орындары ашылып, жалақы өседі

Партиялықтар жергілікті тұрғындарға сайлауалды бағдарламаны түсіндірді

Nur Otan: Кентауда жаңа жұмыс орындары ашылып, жалақы өседі

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Талғат Садуов, Нұрлан Байкенжеев, Үсенбек Рахмет, Сәуле Дәлдекеева, Ирода Мухамеджанова ZOOM платформасы арқылы Жаңа Иқан ауылының тұрғындарымен кездесті. Онлайн өткен кездесуде сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

- Біз лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құрамыз. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарын дамыта отырып, Кентау қаласының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын боламыз. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы полиэтиленді труба, радиатор, темір-бетон шығару цехын ашуға ықпал етеді, - деді Талғат Садуов.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай тұрақты 250 жаңа жұмыс орны ашылып, жалақы 150 мың теңгеге дейін өседі, жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға төмендейді.

«Nur Otan» партиясы қала және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл - ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.

- 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді. Нәтижесінде Кентау қаласы мен оған қарасты ауыл округтері толық, 100% таза ауыз сумен қамтылады. Ал, газбен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесі 65,9%-ға, қала бойынша 100,0%-ға жетеді, - деді Нұрлан Байкенжеев.

Үсенбек Рахмет бағдарламадағы білім саласы бойынша айқындалған басымдықтарға тоқталса, Сәуле Дәлдекеева әлеуметтік бағдарланған қала бағытын кең көлемде түсіндірді. Ирода Мухамеджанова жастар бойынша жүзеге асатын жұмыстарды жеткізді.

Мұнан соң, үміткерлер Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты ауылдарды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. «Есіктен есікке» акциясына қатысып, әрбір тұрғынның үйлеріне барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Кентау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.