Срочная новость «Представился отцом акима Шымкента»: кто запугал футболистов «Ордабасы»?

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

Кентау өңірінің көрнекті тумалары насихатталады

Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр

Кентау өңірінің көрнекті тумалары насихатталады

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Сержан Байсбаев пен Мақсұт Гайруллаев Шаға ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауылдық клубта өткен жиында сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

«Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы» - деген Сержан Байсбаев «Nur Otan» партиясы қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайтындығын айтып өтті.

«Nur Otan» партиясы Кентау өңірінің көрнекті тумаларын насихаттауға, қасиетті және көрікті жерлерге өлкетану экспедициясын жүргізуге, қала мен ауылдардың қасиетті жерлерін көгалдандыруға, кәсіпкерлер көмегімен сервистік қызметтерді дамытуға, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді. Кентауға қарасты ауылдық округтердегі мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарды жоспарлы түрде күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуге жұмыс істейді», - деді ол.

Ал, Мақсұт Гайруллаев Кентау қаласы мен ауылдардағы барлық тұрғындар өздерін қауіпсіз сезіну үшін көптеген жұмыстар жүзеге асатындығын атап өтті.

«Nur Otan» партиясы «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Көше», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім» сияқты профилактикалық шараларын өткізуге, 15 ауыл округтерінде  2025 жылдың соңына дейін жарықпен қамтамасыз ету үшін көшелерге толық жарық диодты шам мен тіректер орнатуға, өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық өзара татулықты қамтамасыз етуге, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін кешенді жұмыстар атқаруға ықпал етеді», - деді ол.

Сондай-ақ, 2025 жылға қарай «Бір терезе» негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100%-ға ұлғайып, мемлекеттік қызметтердің 90%-ы автоматтандырылмақ.

Мұнан соң, үміткерлер Шаға ауылдық округіне қарасты ауылдарды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Канвассинг, «Есіктен есікке» іс-шараларына қатысып, әрбір тұрғынның үйлеріне барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Кентау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.