Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
Кентауда жаңа жобалар жүзеге асады
Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Сержан Байсбаев, Ақерке Әбдіқадыр, Бақыт Стамкулов, Бауыржан Худайбергенов, Нұрлан Байкенжеев, Бағлан Мұсабеков Майдантал ауылының тұрғындарымен кездесті.
Канвассинг іс-шарасы аясында өткен кездесуде сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
«Nur Otan» партиясы «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Көше», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім» сияқты профилактикалық шараларын өткізуге, Шаға, Үшқайық, Жүйнек, Шорнақ, Оранғай, Қарнақ, Қарашық, Байылдыр, Жібек жолы, Ескі Иқан, Жаңа Иқан, Ащысай, Яссы, Майдантал, Бабайқорған ауыл округтерінде 2025 жылдың соңына дейін жарықпен қамтамасыз ету үшін көшелерге толық жарық диодты шам мен тіректер орнатуға, өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық өзара татулықты қамтамасыз етуге, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін кешенді жұмыстар атқаруға ықпал етіп, бақылауда ұстайды – деді Бауыржан Худайбергенов.
Мұнан соң, үміткерлер ауылдық клубта тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламадағы басымдықтар бойынша айтып өтті.
«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады» – дедіСержан Байсбаев.
Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізілмек.
Экспромт кездесу барысында үміткерлер ауылдағы дүкендерде болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
«Nur Otan» партиясынан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын 20 жаңа жобаны ұсынуға, ірі кәсіпорындардың сервистік қызметпен қамтитын шағын кәсіпкерлікті дамытуға, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 30-дан аса азаматты өз кәсібін ашу үшін оқытуға, жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен бизнесін жаңадан бастаушы 10 азаматқа грант ұсынуға, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 20-ға жуық азаматтарға стартап гранттар мен несие алуына жағдай жасауға ықпал етеді», – деді Нұрлан Байкенжеев.
Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жаңа жобаларды несиелендіруге жұмыс істейді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай шағын және орта кәсіпкерлер саны 8,8 мыңға көтеріліп, ондағы жұмыскерлер саны 13,9 мыңға жетеді.
Үміткерлер тұрғындардың сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Кентау қаласының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.