Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
Жуалыда нұротандық кандидаттар музейге барып, тұрғындармен кездесті
Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр
Жамбыл облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Жұмабаев Әлімбек Әсембекұлы және штаб мүшелері, партияның сенімді өкілдері Бауыржан Момышұлы атындағы музейде болып, ауданның зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Кездесуге келген тұрғындарға партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы, ондағы 7 басым бағыт туралы айтылды. Аталған бағдарлама Жамбыл облысы, оның ішінде Жуалы ауданының әлеуетін арттыруға да бағытталған.
Басқосуда сондай-ақ, партияның ел дамуы жолында күні бүгінге дейін атқарған игі істері сөз болды. Еліміздің қуатты болуы мен болашағымыз жарқын болуы үшін жоспарланған сайлауалды бағдарламадағы басымдықтар талқыланып, ұсыным-тілектер тыңдалды. Әр азамат өзіне лайықты өмір мен нұрлы болашақты қалыптастыру үшін дұрыс таңдау жасау керек екенін негізге алып, 10 қаңтарда өтетін сайлауда жаңашылдықтың бастамашысы «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы Жуалы ауданының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді