Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!
Nur Otan ауыл халқының әл-ауқатын көтеруге жұмыс істейді
Партияның үгіт-насихат жұмыстары Жамбыл облысында жалғасып жатыр
Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы – әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарлама аса ауқымды әрі нақты мақсаттарға бағытталғандықтан, халықтың оң көзқарасын қалыптастырып жүйеліғ жұмыстарға негіз болып отыр.
Аталған сайлауалды бағдарламаны партиялықтар Жамбыл облысы Жуалы ауданы тұрғындарына кеңінен насихаттап жатыр.
Ауданда «Есіктен-есікке», «Кандидат қонақта» және Экспромт-кездесу, ауыл тұрғындарымен кездесу секілді үгіт-насихат жұмыстары жүзеге асырылуда. Осы негізде Үміткерлер 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Жуалы ауданы және оған қарасты елдімекендердің тұрғындарын сайлауалды бағдарламадағы халықтың сапалы өмір сүруіне бағытталған 7 басым бағытымен таныстырып, тұрғындар тарапынан ұсыным тілектерді тыңдауда.
Сайлауалды бағдарламада дамудың жеті басымдығы айқындалып, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру көзделген. Әр азаматтың өзіне лайықты өмірді қалыптастыруға бағытталған сайлауалды бағдарлама ұлтымыздың берекесі саналған ауыл тұрғындарының оң көзқарасын қалыптастырып, нәтижелі жұмыстың ұйытқысы болып отыр.
Штаб мүшелері және партияның сенім білдірген өкілдерімен алдағы күндері үгіт-насихат шараларын жалғастырмақ. Осы орайда ауданға қарасты елдімекендерді толық қамтумен қатар үнпарақтар таратылып, 8 қаңтарға дейін үгіт жұмыстары жалғасын табады.