Срочная новость Казахстанцев освободят от сдачи деклараций: кого это коснется
Похожие темы

Подпишитесь на наш Telegram-канал и узнавайте новости первыми!

«AMANAT»: БҚО-да шағын және орта бизнес арқылы жылына 500 жұмыс орны ашылады

Партия жастарды еңбекке тартуды және олардың табыс көлемін арттыруды көздеп отыр

«AMANAT»: БҚО-да шағын және орта бизнес арқылы жылына 500 жұмыс орны ашылады

«AMANAT» саяси ұйымының БҚО-дағы сайлауалды штабы «Орал» сауда-ойынсауық кешенінде болып, тұрғындарға үгіт-насихат жүргізді.

Партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Афиза Семғалиева және партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидат Мирболат Құрманғалиев сайлауалды бағдарламасының мақсат-міндеттерін түсіндірді.

Сауда-ойынсауық кешенінде жұмыс істеп жүргендердің бәрі дерлік – жастар. Ал олардың көбі – студенттер. Студенттер сабақтан тыс уақытында еңбек етіп, табыс тауып жүр. Олар әр саланың келешек мамандары. Сондықтан тәжірибе жинақтау олар үшін өте маңызды. Ал партияның сайлауалды бағдарламасында «Жастар тәжірибесі» жобасы қарастырылған. Жастар өз мамандығы бойынша мерзімді қызметке орналасып, тәжірибе жинақтай алады. Кейін жұмыс беруші олардың жұмысын саралай отырып, тұрақты қызметке қабылдай алады.

«Партия жастарды еңбекке тартуды және олардың табыс көлемін арттыруды көздеп отыр. Кәсіби білімі бар мамандардың білікті кадрға айналуы үшін «Жастар тәжірибесі» жобасын жалғастыру жоспарда. Бұған қоса, ауылға барған мамандарға үстемақы төленеді, сонымен қатар үй сатып алуына немесе салуына қаржылай қолдау көрсетіледі», – деді партиялық бақылау комиссиясының инспекторы.

Кешенде түрлі ойын-сауық қызметтері көрсетіліп, түрлі бұйымдар мен тағамдар сатылады. Әрқайсысын шағын және орта бизнес ретінде қарастыруға әбден болады. Партия осы және өзге де кәсіп түрлерін жандандыру үшін қолдау шараларын жетілдірмек. 2027 жылға дейін өңірде шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 61 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. Жыл сайын дәл осы салада кемінде 500-ден астам жаңа жұмыс орындарын құру міндеті тұр. Сонда кәсіпкерлік нысандарында жұмыс істейтін адамдардың саны 123 мыңға дейін жетпек.

«Елдің келешегі – сіздер, яғни, жастар. Сондықтан саяси науқанға бейжай қарамауларыңыз қажет. Біздің партия барлық салада жастар үшін қолайлы жағдай жасауға күш салып келеді және бұл жұмыстар одан әрі жалғасады. Егер партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мақсат-міндеттер орындалғанын қаласаңыздар, «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер», – деді кандидат Мирболат Құрманғалиев.

Штаб мүшелері кешендегі қызметкерлер мен тұтынушыларға үнпарақтар таратып, сайлауалды бағдарламасының толық нұсқасын онлайн оқу тәсілін түсіндіріп берді.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді